Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 200 «Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
3. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 8 сайлау
округі бойынша депутаты Н. Шагабутдинова
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Жусипбеков
«06» қазан 2016 жыл