«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
___________ Б. Сандыбеков
«Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы» ММ
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қостанай қ. 20.12.2017 жыл
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қостанай қалалық мәслихаты хатшысының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 өкімінің негізінде 2017 жылдың 20 желтоқсанында «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімі Қостанай қалалық мәслихаты нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің мониторингін тұрақты негізде жүргізеді.
2017 жылдың есепті кезеңі ішінде Қостанай қалалық мәслихаты Аппарат қызметін қозғайтын бір құқықтық акт қабылдады:
Қостанай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 113 «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімі;
«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актіге жүргізілген талдау көрсетілген актіде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігін көрсетті.
2. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2.1. Персоналды басқару
Аппарат қызметкерлерінің штаттық саны 5 бірлік құрайды, нақты саны 5 қызметкер.
Есепті кезең ішінде ауысымдылық болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтен тыс мүдделерде пайдалануға әкелетін әрекеттерді болдырмау мақсатында Аппараттың ұйымдастырушылық-құқытық бөлімі барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстыру бойынша жұмыс жүргізді, олар мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне тігілген. Жыл сайын Аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайлары табыстары туралы декларацияларды тапсырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен көзделген қаржылық бақылаудың шарасы болып табылады.
Есепті кезең ішінде 1 қызметкер біліктілікті арттыру курстарына оқуға барды.
Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Аппаратта «сенім телефоны» қызмет етеді. «Сенім телефоны» туралы хабарландыру Қостанай қалалық мәслихатының ресми сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні Қостанай қалалық мәслихатының қабылдау бөлмесіндегі стендте және ресми сайтында орналасқан.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Аппаратта туыс байланыстары бар немесе жұбайлары болып табылатын мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, демек сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың пайда болу тәуекелі жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Аппарат мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Аппарат рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
2.5. Бақылау функцияларын іске асыру
Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.
2.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
2017 жылдың 20 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Қостанай қалалық мәслихатының мекенжайына 50жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті, оның ішінен: арыздар– 46, шағымдар – 2, өзге өтініштер – 2.
Өтініштердің сипатын талдау мынаны көрсетті:
15 – өтініштер жер және жерді қолдану сұрақтары жайлы,
5 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сұрақтары бойынша,
30 – өзге сұрақтар.
37 өтініш қаралды (қанағаттандырылды – 14, түсіндірме берілді – 23), ведомство бойынша қайта жолданды – 13.
Қостанай қалалық мәслихатымен азаматтарды қабылдау кестесі мәслихат хатшысымен бекітіледі және Қостанай қалалық мәслихатының сайтында жарияланады. Мәслихат хатшысы азаматтарды тұрақты негізде қабылдап тұрады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасымен ай сайын тексеріс өткізіледі.
Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі анықталған жоқ.
Мәслихат аппаратының
ұйымдастырушылық-құқытық
бөлімінің басшысы Л. Зязикова