«Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, көп жылдар бойы еткен жемісті еңбегі және Қостанай облысы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Қалибек Деріпсалдинға «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
- «Үміт-Надежда» арбаға таңылған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, қаланың әлеуметтік және қоғамдық өміріндегі, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар мүдделерін қорғаудағы белсенділігі үшін Аруна Рахметуллаевна Жаксагуловаға «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
- Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісінің және Тәуелсіз бақылаушылардың халықаралық еуропалық желісінің өңірлік үйлестірушісі, қаланың қоғамдық өміріндегі белсенді жұмысы үшін Петр Никифорович Коржиковқа «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
- Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, қаланың дене шынықтыру және спортын дамытуға қосқан маңызды үлесі және қаланың қоғамдық өміріндегі белсенділігі үшін Александр Герасимович Чебаныйға «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
- Қазақ КСР еңбегі сіңген бапкері, қаланың дене шынықтыру және спортын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан маңызды үлесі үшін Николай Арсентьевич Яременкоға «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
Сессия төрағасы, № 19 сайлау
округі бойынша депутаты В. Сова
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков