Қалалық мәслихатқа Қостанай қаласы қоғам өкілдері бастамасы арқау болған, Қостанай қаласы әкімінің Қостанай қаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов көшесіне қайта атау мәселесі бойынша өтініш келіп түсті.
2019 жылдың 5 қарашасында Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссиялардың отырысында Қостанай қаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов көшесіне қайта атау бойынша Қостанай қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауларын өткізуге дайындық мәселесі қаралды.
Қостанай қалалық мәслихатынының регламентіне сәйкес тұрақты комиссиялар қарауына жатқызылған аса маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізіледі. Көшелерді қайта атау мәселесі осындай мәселелер қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала көшесін қайта атау қоғам пікірін зерделеуді талап етеді. Халық пікірі мәслихаттың тұрақты комиссиялары өткізген көпшілік тыңдаулары негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді, хаттама Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және газет бетінде жарияланады. Одан кейін хаттама қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.
Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына:
- Сандыбеков Багитбек Назарбекович – Қостанай қалалық мәслихатынының хатшысы;
- Кабдулинова Анар Алибаевна - Қостанай қалалық мәслихатынының депутаты;
- Сотников Сергей Николаевич – Қостанай қалалық мәслихатынының депутаты;
- Шуменбаев Самат Канапьянович – Қостанай қалалық мәслихатынының депутаты;
- Аубакирова Айслу Рамазановна – «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы енді.
Жұмыс тобына құжаттар топтамасын зерделеу, көпшілік тыңдау өткізуге дайындалу, қала тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу тапсырылды.
Құрметті қостанайлықтар, сіздерді Қостанай қаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов көшесіне қайта атау бойынша ұсынысты талқылауға қатысу үшін шақырамыз.
Өз пікірлеріңізді хат арқылы Қостанай қалалық мәслихатына мына мекенжай бойынша жолдай аласыздар: 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, 208-кабинет.
2019 жылдың 14 қарашасы сағат 10.00-де Қостанай қ., Пушкин к-сі, 98 мекенжайы бойынша, шағын мәжіліс залында Қостанай қалалық мәслихаты көпшілік тыңдаулар өткізеді. Күн тәртібі: «Қостанай қаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов көшесіне қайта атау мәселесі бойынша халық пікірін ескеру.
Қостанай қаласының тұрғындарын серіктестікке және көпшілік тыңдауға қатысу үшін шақырамыз.
Өзіңіздің жазбаша пікіріңізді Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, 208-кабинет мекенжайына жолдай аласыз.