Қостанай қалалық мәслихаты
(кезектен тыс сессия төртінші шақыру)
Қостанай қ. № 201 21 сәуір 2009 жыл
Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес және бекітілген Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының негізінде Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгіленсін, қосымшаға сәйкес (қоса беріліп отыр).
2. «Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерімен Қостанай қаласының аумағын аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 140 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-5, 2005 жылғы 29 сәуірдегі «Қостанай» газеті, бұрын «Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерімен Қостанай қаласының аумағын аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 140 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туарлы» мәслихаттың 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 297 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-59, 2006 жылғы 16 қарашадағы № 130 «Қостанай» газеті).
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 4 сайлау
округі бойынша депутаты
Қалалық мәслихат хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қостанай облысының Қостанай қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Мәслихаттың
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 201 шешіміне қосымша
Жер салығының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі |
Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
1 |
1,50 |
2 |
1,40 |
3 |
1,34 |
4 |
1,30 |
5 |
1,25 |
6 |
1,16 |
7 |
1,10 |
8 |
1,06 |
9 |
1,00 |
10 |
0,5 |