«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көш., 98, 209 кабинет, анықтама үшін телефон:(7142) 57-55-61, электрондық мекенжайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы (Е-3 санаты) лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Қалалық мәслихат қызметінде заңнамалықты сақтау, оның мүддесін қорғау үшін бақылауды іске асырады. Мәслихаттың және оның хатшысының қарауына енгізілген өкім, шешім жобалары, тұрақты комиссия қаулыларының заңнама талаптарына сәйкестілігін қамтамасыз етеді. Қалалық мәслихаттың мүддесін белгіленген тәртіпте мемлекеттік (сот, прокуратура, әділет) және басқа органдарда құқықтық мәселелерді қарауда қорғайды. Мәслихат шешімдері мониторингін жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ мәслихат шешімдері тіркеуін жүргізеді. Қалалық мәслихат сессияларында баяндама мәтіндерін жинауды қамтамасыз етеді, сессия хаттамалары мен шешімдерін ресімдейді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарға жауаптың уақытылы берілуіне бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте құжаттардан жазбаларды береді. Қостанай қалалық, Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссияның өзге де қызметтерін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады, Қалалық мәслихат құрастыратын сайлау комиссиясы мүшелерінің ауысуы сұрақтары туралы қалалық мәслихат басшылығына хабарлап, есебін жүргізеді және қалалық мәслихат сессияларында шығып кеткен мүшелердің орнына сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау рәсімін жүзеге асырады. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану), білім (құқық және экономика негіздері).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Пушкин көш., 98, 209-кабинет құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (файлдың рұқсат етілген ең үлкен мөлшелері 30Мб) мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады - (3 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiміемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі