Жұмыс жоспарына сәйкес «Бас жоспарға сәйкес Қостанай қаласының даму перспективалары туралы» және «Жолаушыларды тасымалдау арқылы халыққа қызмет көрсетудің сапасы мен қолайлылығы туралы. Автобус паркінің техникалық жағдайы туралы» мәселелері қаралды.
«Бас жоспарға сәйкес Қостанай қаласының даму перспективалары туралы» ақпаратымен «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қалалқұрылысы бөлімі» ММ басшысы Андрей Владимирович Финк сөз сөйледі. Андрей Владимировичтің ақпараты бойынша қаланың бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында келесі қала құрылысы жобалары әзірленді: «Аэропорт» ш.а. - құрылыстың жалпы алаңы – 32,3 га, тұрғын үй қоры – 160000 ш.м немесе 40 үй, 2961 пәтер, 2265 пәтерге арналған, жалпы алаңы 169,1 мың ш.м. 33 үй пайдалануға берілді; «Юбилейный» ш.а. - құрылыстың жалпы алаңы – 67 га, тұрғын үй қоры – 248 100 ш.м немесе 47 үй, 5190 пәтер. 2013 пәтерге 22 үй пайдалануға берілді, жалпы алаңы 130, 224 ш.м. 6 әлеуметтік қамтамасыз ету объектілері, жекелеп алғанда 280 орынға арналған 3 бала бақша, 1200 орынға арналған мектеп, емхана және смарт орталығының құрылысы қарастырылған. МЖК аясында мұз сарайының құрылысы салынып жатыр, оны пайдлануға қабылдау 2020 жылдың ақпан айына жоспарлануда. «Береке» шағын ауданы - құрылыс алаңы 100 га, МЖӘ аясында 3000 орынға арналған футбол манежы салынды. Қазіргі уақытта тұрғын алаңы 2574 ш.м, 72 пәтері бар екі таунхаус құрылысы басталды. «Қонай» шағын ауданы -жобаланып жатқан аудан Қостанай қаласы бас жоспарының функционалдық аймақтануына сәйкес. Аз қабатты жеке құрылыс пен көп пәтерлі құрылыс салуға арналған. Қонай тұрғын алабының солтүстік-батыс бөлігінде 30 бес қабатты үй құрылысы жоспарлануда. Егжей-тегжейлі жоспарында (ЕТЖ) жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҮҚ) 2092 жер учаскесі қарастырылған. Құрылыс үшін жеке тұрғын үйлердің 3 жобасы ұсынылып отыр (бір қабатты алаңы 70 ш.м, екі қабатты алаңы 230,3 ш.м және бір қабатты мансарда қабатымен алаңы 101,33 ш.м). Сондай ақ, 280 орынға арналған балалардың мектепке дейінгі 5 мекемесі және 864 орындық 2 жалпы білім беру мектептері қарастырылған. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 149 359 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылдың маусым айынан бастап Қостанай қаласының бас жоспарын түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаланы оның орталық бөлігіндегі өнеркәсіп объектілерінен кезең-кезең босату және оларды резервтегі аумақтың тұрғын емес аймақтарына қайта орналастыру қарастырылып отыр. Кәсіпорындарды қаланың өнеркәсіптік аймақтарына көшіру, бір жағынан орталықтағы экологиялық ластануды төмендетеді, екінші жағынан – босатылған аумақтарды жоғары рентабельді жобалар үшін пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Қала аумағында орналасқан көптеген гараж кооперативтері мен бау-бақша ұйымдарын бұзу есебінен көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы қарастырылуда.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Жолаушыларды тасымалдау арқылы халыққа қызмет көрсетудің сапасы мен қолайлылығы туралы. Автобус паркінің техникалық жағдайы туралы» «Қостанай қалсы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Нуралы Сертаевич Есергепов сөз сөйледі. Ұсынған ақпараты бойынша, тұрақты жолаушылар тасымалының қалалық және қала маңындағы маршруттық желісі 36 маршрутты қамтиды, оның ішінде 18 қалалық және 17 қала маңындағы (11 – тұрақты, 6 - маусымдық) маршруттар. Қалалық және қала маңындағы маршруттық желінің ұзақтығы маршруттың соңғы пункттері арасындағы қашықтықты ескере отырып, 603,1 километрді құрайды. Маршруттарда 404 аялдама пункті ұйымдастырылған, оның 80 аялдама павильондарымен жабдықталмаған. 2017 жылдан бастап қалада 51 павильон орнатылды. Қалалық маршруттық желіге 7 тасымалдаушы қызмет көрсетеді («Туристтранссервис» ЖШС, «Альтаир» ӨК, «Жарық Жол-1» ЖШС, «Костанайавтотранс» ЖШС, «Компания STA» ЖШС, Брунер А. В. ЖК, Муканов Р. Д. ЖК). Қаланың барлық автопарктеріндегі автобустардың жалпы саны - 393 бірлік, оның ішінде: 0-ден 10 жасқа дейін-11 бірлік; 10 жастан 15 жасқа дейін-5 бірлік; 15-тен 20 жасқа дейін - 3 бірлік; 20 жылдан астам – 374 бірлік, премиум класты барлық машиналар (Мерседес, Ман, Сетра сыйымдылығы 90 орыннан астам). Қалалық маршруттарға тасымалдаушылар көктемгі-жазғы кезеңде 6 сағат 30-45 минуттан 23 сағатқа дейін, күзгі-қысқы кезеңде 22 сағатқа дейін қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта автотасымалдаушылар көбінесе GPS-навигация деп аталатын аялдама пункттерін жариялау бойынша автоматтандырылған жүйелік басқаруды қолданады. GPS-навигация-бұл автобус жүргізушісінің қатысуынсыз аялдама пункттерін автоматты түрде жариялауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесі.
Қазіргі уақытта авто-кәсіпорынның қызмет көрсететін қалалық тұрақты маршруттар өз бетінше жаңа автобустарды сатып алуға жағдайы жоқ, өйткені қолданыстағы тариф қоғамдық көлікте жол жүруге тиімді емес, ал тарифті көтеру қоғамдық резонанс болып табылады.
Жолаушылар тасымалының тиімділігі мен сапасын көтеру үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2019 жылға қоғамдық көлікті ішінара субсидиялауға 319,4 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлу туралы ұсыныс берілді.
Қостанай қаласы әкімдігінің атына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары А. Дарбаевтан автобустарды жаңартуды жүзеге асыру тетігімен хат келіп түсті.