Сессияда барлығы 8 мәселе қаралды.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі «Мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы №41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Акбопе Рахымжановна Манатованың ақпараты бойынша біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ атаулы күнге және мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі. Өзгерістер жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасына енгізіледі, атап айтқанда біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне табыстарын есепке алмай, 300 000 (үш жүз мың) теңгеге дейін ұлғайту көзделген».
2019-2021 жылдарға арналған Қостанай қаласы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Марина Юрьевна Теньгаева ақпарат берді. Қалалық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі, қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің ұлғаюы және қалалық бюджеттің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге арналған үнемдеу сомаларын қайта бөлу болып табылады.
Кадрлық өзгерістерге байланысты сессияда кейбір консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды. Сессияға енгізілген барлық шешімдердің жобалары бірауыздан бекітілді.