Сандыбеков Багитбек Назарбекович 1959 жылы 20 сәуірде Қостанай облысы Қарасу ауданының Жамбыл ауылында туған.
1986 жылы «ғалым агроном» мамандығы бойынша Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтады. Еңбек жолын 1982 жылы Қостанай облысы Торғай совхоз-техникумында бригадир көмекшісі болып бастады. 1986-1989 жылдары Қостанай облысы Урицкий совхоз-техникумы директорының орынбасары. 1989-1995 жылдары «Шойындыкөл» ұжымдық кәсіпорнының бас агрономы. 1995-1997 жылдары Қостанай облысы «Тагильский комсомолец» ұжымдық кәсіпорнының атқарушы директоры.
1997 жылы Қостанай облысы Урицкий ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2003-2006 жылдары Қостанай облысы «Урицкое МТС» ЖШС директоры. 2006-2011 жылдары Қостанай қаласындағы «АгромашХолдинг» АҚ «Сервистік орталығы» ҚОФ директоры. 2011-2014 жылдары Қостанай қаласындағы «Аль-РУДАН» ЖШС директоры. 2014 жылдың тамызынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін «Нұр Отан» Партиясы Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2014 жылдың қазанында №15 сайлау округінің депутаты болып сайланды.
2015 жылдың 28 желтоқсанында Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2016 жылдың 28 наурызында Қостанай қалалық маслихатының хатшысы болып қайта сайланды.